Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Біреудің мүйізді ірі қарасы не ер, не әйел адам болсын, басқаны сүзіп өлтірсе, сол мал таспен атқыланып өлтіріліп, еті желінбесін. Ал иесіне кінә тағылмасын. Кейін Жаратқан Ие Қабылдан:— Інің Әбіл қайда? — деп сұрады. Ол:— Білмеймін, мен інімнің күзетшісі ме едім? — деп жауап қайырды. Жаратқан Ие:— Сен не істедің? Ініңнің төгілген қаны Маған жерден үн қатып, кегін алуды сұрап тұр! Біреуді әдейі өлтірген адамды тек куәгерлердің айтқандары бойынша ғана өлімге кесу керек. Жалғыз бір ғана адамның куәлігі кісі өлтіргенді әшкерелеп, өлімге кесуге жеткіліксіз. Қасақана кісі өлтіріп, өлім жазасына лайықты адамға құн төлетіп, жанын аман сақтап қалуына жол бермеңдер! Ондай қылмыскерге міндетті түрде өлім жазасын тартқызу керек.
Выбор основного перевода