Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Тарах екі жүз бес жыл өмір сүріп, Харанда қайтыс болды. Ыбырайым барлығы жүз жетпіс бес жыл жасады. Пенденің өмірі қып-қысқа, соның өзі де әбден мазасыз. Мінажатыма, уа, Ием, құлақ түрші,Көмекке шақырған даусымды естіші,Менің көз жасымды елемей жүрмеші,Себебі барлық ата-бабама ұқсаймын,Жат жерлік кірме болып Өзіңмен тұрамын. Жүрген жолдарыма түңіле толғандым,Ережелеріңмен жүруге бел будым. Ол өмір бойы міндетін өтеп, азап пен мехнат шегіп жүреді, тіпті түнде де оның ақыл-санасы толықтай тынықпайды. Бұл да бекершілік. Уәде етілген елде ол жат жұрттық келімсек болып, Тәңір Иеге сеніп өмір сүрді. Сондай уәдені алған Ысқақ пен Жақып та Ыбырайым сияқты көшіп-қонып, шатырларда тұрып жатты. Ыбырайым, Ысқақ, Жақып үшеуі де сенімдерін ұстанған күйі дүние салды. Тәңір Ие өздеріне уәде еткен игіліктерді иемденбестен соларды тек алыстан ғана көріп, қуанды. Олар өздерінің жер бетінде тек жат жұрттық келімсек ретінде тұрғандарын мойындады.
Выбор основного перевода