Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан кейін Жақып ұлдарына былай деп өсиеттеді:— Мен жуырда ата-бабаларымның қасына аттанамын. Менің сүйегімді хеттік Ефронның егістігіндегі үңгірге апарып қойыңдар! Бұл үңгір Қанахан елінде, Мамренің қасындағы Махпела егістігінде орналасқан. Оны (марқұм атам) Ыбырайым зират үшін жерімен қоса хеттік Ефроннан сатып алған. әкем марқұм көзі тірісінде маған: «Біліп ал, мен жуырда өлемін. Сүйегімді өзім Қанахан жерінде дайындап қойған қабірге апарып қоярсың!» деп өсиеттеп, осылай істеуге менен ант алған еді. Сондықтан енді әкемнің мәйітін қабірге қою үшін сол жерге барып, қайтып келейін, — деп өтініш жасады. оның сүйегін Қанахан еліне, Ыбырайымның өз отбасының меншікті зираты ретінде хеттік Ефроннан сатып алған, Мамренің қасындағы Махпела егістігінде орналасқан үңгірге апарып қойды. Сихем деген жерге апарылып, қабірге қойылады. Қабірді Ыбырайым Сихемдегі Хамордың балаларынан күміс ақшаға сатып алған болатын.
Выбор основного перевода