Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірде ол барлық мал-мүлкін басқаратын бас қызметшісін шақырып алып, оған:— Сен қолыңды менің жамбасымның астына қойып тұрып, Енді сіздер қожайыныма мейірімділік пен адалдық көрсеткілеріңіз келсе, оны маған білдіріңіздер. Ал олай болмаса, оны да айтыңыздар. Содан мен не істеу қажет екенін білетін боламын, — деп құда түсуші сөзін тамамдады. Сол себепті Жүсіп Исраилдің ұрпақтарынан ант алып: «Құдай рақымын түсіріп, сендерді ешбір шүбәсіз осы жерден алып шығатын болады. Сол кезде менің сүйегімді де өздеріңмен бірге осы жерден ала кетіңдер!» — деп өсиеттеді. Содан кейін Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді: «Біліп қой, бұ дүниеден өтетін уақытың таяп қалды. Ешуаны шақырып алып, екеуің кездесу шатырында тұрыңдар. Мен оған сол жерде нұсқауларымды тапсырамын». — Сонымен Мұса мен Ешуа кездесу шатырының алдына келді.
Выбор основного перевода