Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал Жаратқан Ие Ыбырамға тіл қатып:— Біліп ал: сенің ұрпақтарың бөтен елде жат жұрттық келімсектер ретінде тұратын болады. Сол жерде олар төрт жүз жыл бойы құлдықта болып жәбірленеді. Елді әлі де ашаршылық қысып тұрған болатын. сендер: «Уа, тақсыр ие, біз ата-бабаларымыз сияқты бала кезімізден бері мал бағушылармыз» деп жауап беріңдер. Сонда ол сендерге Гөшен аймағында қалуға рұқсат береді. Өйткені мысырлықтар үшін ұсақ мал бағушылар жиренішті, — деді. Бұдан кейін Құдай Иеміздің алдында былай деңдер: «Түп атам көшпелі арамалық болатын. Ол азғана адамымен Мысырға көшіп барып, сол елге қоныстанды. Ал түп атамыздан өрбіген ұрпақ үлкен де күшті әрі сансыз көп халыққа айналды.
Выбор основного перевода