Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Ескертуді тыңдамай, қасарысқан жанКенеттен күйреп, оңалмас содан. Көрпелер төселіп, дастарқан жайылып, біреулер ішіп-жеп жатыр екен. Кенеттен: «Уа, қолбасшылар, тұрыңыздар! Қалқандарыңызды майлап дайындаңыздар!» — деген дауыс шығады. Осы екі арада Жасаған Ие маған тіл қатып мынаны айтты: «Бар да, күзетші қой, көргендерін айтып тұрсын. Егер де ол қос-қостан келе жатқан салт аттыларды және есекке, түйеге мінгендерді көрсе, соларға мұқият ден қойсын!» Күзетші кейін былай деп айқайлады: «Мырзам, мен күндіз мұнарада тұрып, әрбір түні де сол орнымда қалып келемін!» Міне, салт аттылар қос-қостан келе жатыр! Келіп жеткен шабарман мына жаңалықты хабарлады: «Бабыл құлады! Оның халқы табынған жалған тәңірлердің барлық мүсіндері де жерге құлатылып, күл-талқан болды!»
Выбор основного перевода