Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Оның даңқты есімі мәңгі дәріптелсін,Күллі жер Оның салтанатына кенелсін.Аумин, иә, аумин. «Бүкіл қасиетті тауымда ешқандай зұлымдық пен қиянат жасалмайтын болады», — дейді Жаратқан Ие. Себебі теңіздің суға толы болатынындай, жер де Жаратқан Иені жақыннан танып, қастерлеген адамдарға солай толы болады! Сол күннен бастап Иерусалимнен тірі су ағып шығып, бір жартысы шығыстағы Өлі теңізге, екінші жартысы батыстағы Жерорта теңізіне ағып кететін болады. Ағысы қысы-жазы толастамайды. Жаратқан Ие бүкіл жер бетінің Патшасы болады. Сол күні Жаратқан Ие бірден-бір Құдай болып, жалғыз Оның есімі ғана мадақталатын болады.
Выбор основного перевода