Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Бірақ Мен, Жаратқан Ие, қалаған сөздерімді айтамын және солар орындалады да. Олар ұзаққа созылмай, жуырда жүзеге асады. Ей, бас көтергіш халық, сендердің осы замандарыңда-ақ Мен сөзімді айтамын да, әрі іске асырамын да! Мен, Жаратушы Тәңір Ие, мұны нық айтамын». Жәбірейіл мен тұрған жерге жақындап келгенде, қатты қорқып, иіліп, жерге етпетіммен жата кеттім. Ол маған: «Ей, пенде, бұл көріністің сол ауыр заманның ақыр соңы жайында екенін біліп қой», — деді. Жәбірейіл маған сөйлеп тұрған кезде мен есімнен танып, етпеттей жатқан едім. Ол маған қолын тигізіп, мені оятып, орнымнан тұрғызды. Енді мен саған келешекте халқыңмен не болатынын түсіндіруге келдім. Сен көретін көрініс алдағы заманға қатысты. Себебі келуге тиісті Ол сәлден кейін келіп, еш кешікпейді. Әділ адамым сенімі арқылы шынайы өмір сүреді. Ал кім қаймығып, бағытынан кері қайтса, Мен оған риза болмаймын.
Выбор основного перевода