Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Өйткені Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие маған былай деп бұйырды:— Ернеуіне дейін «қаһарымның шарабына» толған мына «тостағанды» ал да, Өзім сені жіберетін халықтардың бәріне содан «ішкіз!» — Бұдан кейін оларға былай де: Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, мынаны айтады: «ішіңдер, тоя ішіп, құсып тастаңдар!» Мен араларыңа жіберіп отырған семсерден құлап, қайтып тұрмаңдар! Ус еліндегі Едом халқы, қуанасың ба?Ащы шараптай кәрлі жазаны тартасың да,Мас адамдай абыройыңды ашасың да! «Мен саған қарсымын, — деп ескертеді Әлемнің Иесі. — Сенің етегіңді бетіңе дейін түргіземін! Халықтар мен патшалықтарға сенің жалаңаш тәніңді ашып, абыройыңды төгемін. Сені кір-қоқыспен атқылап қорлаймын, кім екеніңді барша жұртқа паш етемін. Сен көп халықтарды қыруды ойластырып, үй ішіңді масқараға қалдырып, жаныңды тозаққа қидың!
Выбор основного перевода