Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Сен шынында да Едомды жеңдің, енді содан өркөкіректеніп кетіпсің. Мақтансаң, сарайыңда қалып, мақтана бер. Басыңа пәле іздеп, не қыласың?! Әйтпесе Яһудаңмен қоса құрып кетерсің! Шарап — қорлағыш, сыра — даурықтырғыш,Ішімдікке салынған әркім ақылсыз. Өркөкірек, паң адамды мысқылшыл дер,Асқан менмендікпен ол әрекет етер. Сүліктің екі сорғышы үнемі«Бер маған! Берші!» деп талап етеді.Мына үшеу де тойым білмес,Тіпті төртеуі де «жетер» демес: Қабірдің қара топырағы,Әйелдің бедеу құрсағы,Суға қанбас шөлейт жер,«Жетер» демес ашкөз өрт. Бұларға қоса о дүние де құнығып, аузын арандай ашып тұр. Ол еліміздің даңқты астанасын тосып тұрып, оның бұқара халқын, шулаған тобыры мен сауық-сайран салғандардың бәрін бірдей жұтып қояды. солтүстіктің барлық ұлттары мен тайпаларын және Менің еркімді іске асыратын Бабыл патшасы Набуходоносорды осы ел мен оның тұрғындарына және оның айналасындағы күллі халықтарға қарсы аттандырып алып келемін. Мен осы елдерді түгелдей қиратып тастаймын. Олар ұдайы қаңырап бос қалады, ал басқалар оларға қарап аңтарыла жандары түршігіп, ысқырып келекелейтін болады. Сіз, уа, патша ағзам, көптеген патшалардың патшасысыз. Көктегі Құдай сізге патшалық билік, күш-қуат пен атақ-даңқ сыйлап, үстемдігіңізге әр жердегі адам баласын, даладағы аңдар мен аспандағы құстарды тапсырып, өзіңізді солардың барлығының үстінен билеуші етіп тағайындады. Сондықтан мүсіннің алтын басы өзіңізді білдіреді.
Выбор основного перевода