Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Авдий
1
Параллельные места
Ол тіпті асқақтап, аспанға дейін көтерілсе де, басы бұлттарға тиетін болып өссе де, Өйткені іштей былай дегенсің: «Мен аспанға көтерілемін, өз тағымды Құдайдың жұлдыздарынан да жоғары орнатамын! Қиыр солтүстікте орналасқан, (жалған тәңірлер) жиналатын таудың басындағы тағыма жайғасамын. Биік бұлттардан да жоғары көтеріліп шығамын, өзімді Хақ Тағаламен бірдей қыламын!» Қайта, сен о дүниеге, тұңғиықтың түбіне лақтырыласың! Басқаларға сес көрсетіп кеуде көтеріп, соған алданып кеттің. Жартастардағы қорғандарда тұрып, биік қыраттарды иемденіп келесің. Алайда тіпті ұяңды бүркіттей қияға салсаң да, бәрібір Мен сені сол жерден де құлатып түсіремін! — деп нық айтады Жаратқан Ие. — Олар тіпті жер астына түсіп, көміліп қалса да, Мен оларды қолыма түсірер едім. Аспанға шығып кетсе де, оларды төменге түсіремін. Арам жолмен үйіңді байлыққа кенелткен, қонысыңды биікке салып, пәледен аулақ боламын деп сенген сен қасіретке қаласың!
Авдий
1
Выбор основного перевода