Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Авдий
1
Параллельные места
Жақып лақтарды алып келіп, шешесіне берді. Ол солардан ұлдың әкесі сүйсініп жейтіндей дәмді тамақ әзірледі. Алайда едомдықтар қайтадан:— Жоқ, өйтпейсіңдер! — деген жауап берді. Олар Исраилге қарсы мықты қарулы қолмен шықты. Сонымен едомдықтар Исраилге өз жерлері арқылы өтіп кетуге рұқсат бермегендіктен, халық оларды айналып өтпек болып бағыттарын өзгертті. Уа, Жаратқан Ием, есіңе түсіршіИерусалим жау қолына түскен күніЕдомдықтардың не істегендерін:«Қиратыңдар қаланы түбіне дейін!Қиратыңдар оны!» деп өршіткендерін. «Пендем, бет-жүзіңді Сейір тауына қарай бұр да, оған қарсы Менің хабарымды жариялап былай де: Яһуданың халқына жасаған қиянаттары үшін және өз жерінде отырған халықтың жазықсыз қанын төккендері үшін Мысыр елі қаңырап бос қалып, Едом елі де қу медиенге айналады. Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: «Едом халқы көптеген зұлым істер істеп келеді. Сондықтан Мен оларға шығарған үкімімді жоймаймын. Едомдықтар өздерімен бауырлас халықты қолдарына семсер алып қуып, өздеріндегі аяушылық сезімін басып таптап, ешқандай мейірімділік танытпады. Олар бауырластарына деген ашуынан қайтпай, соларды ызалана паршалап өлтірді.
Авдий
1
Выбор основного перевода