Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Авдий
1
Параллельные места
Керісінше, екеуі бірігіп батысқа қарай аттанып, қырат беткейімен құлдырап түсіп, філістірлерге шабуыл жасайды. Олар шығыстағы жау халықтардың олжаларын да иемденіп, Едом мен Моабқа билік құрады, Аммон да оларға мойынсұнады. Халық Яһуданың қалалары мен Иерусалимнің айналасындағы ауылдардан, Бунямин жерінен және батыстағы төменгі қыраттар мен оңтүстіктегі Негев аймағынан ағылып, түгелдей өртелетін құрбандықтары мен тартуларын, астық тартулары мен хош иісті заттарын және Өзіммен қарым-қатынастарына ризашылық құрбандықтарын Менің киелі үйіме алып келетін болады. әрі Самарияның қыраттарында қайтадан жүзімдіктер отырғызасыңдар. Соларды отырғызғандар жемісінің қызығын көретін болады. Сонда Бунямин жері мен Иерусалимнің айналасындағы ауылдарда, әрі Яһуда жері мен таулы аймақтағы, батыстағы төменгі қыраттар мен оңтүстіктегі Негев аймағындағы қалаларда егістік танаптары әлі де күміске сатылып алынбақ. Сонда құжаттар дайындалып, оларға мөр басылып, куәгерлер куәлік етпек. Өйткені Мен сол аймақтардан жер аударылып кеткендерді қайтарып әкеліп, жағдайларын бұрынғыдай игілікке кенелтемін! — Жаратқан Ие осыны уәде етеді. Сонда олар Едом халқының тірі қалғандарына және Өзім меншігім болуға тағайындаған барлық басқа ұлттарға ие болады. — Осыны айтқан Мен, Жаратқан Ие, оны іске асырамын. Сол кезде теңіз жағалауы Яһуда халқының аман қалғандарына өтеді. Олар сонда малдарын бағып, Ашқалонның үйлерінде түнейтін болады. Себебі өздерінің Құдайы Жаратқан Ие аман қалған яһудалықтарды назарында ұстап, қайтадан игілікке кенелтеді.
Авдий
1
Выбор основного перевода