Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Авдий
1
Параллельные места
Сондықтан Сен ата-бабаларымызды жауларының қолына тапсырдың. Жаулары оларға зор азап шектірді. Қатты қиналып жатқан кездерінде ата-бабаларымыз Саған жалбарына үн қатып, Сен көктен құлақ салдың. Өзіңнің ғаламат рақымыңмен оларға құтқарушыларды жіберіп, сол құтқарушылар оларды жауларының қолынан құтқарып алды. Себебі билік Жаратқанның қолында,Ұлттардың Иесі Сол болып қалады да! Лайым Құдай бізді жарылқай берсін,Бар жердегі адамдар Оны қастерлесін! Халықтарды соттап, көп адамдарын жояды,Бүкіл жер бетінің билеушілерін соғады. Бұл, Әлемнің Иесінің Мысырда екендігін дәлелдейтін айғақ болады. Себебі олар өздеріне жәбір көрсеткендерге қарсы қолдау сұрап Жаратқан Иеге дауыстап жалбарынғанда, Ол соларды аман алып қалуға бір мықты Құтқарушыны жібереді. Алайда сол патшалардың заманында көктегі Құдай бір Патшалықты орнатады. Сол патшалық ешқашан күйремейді, Құдай бөтен халықтың оны жаулап алуына да жол бермейді. Қайта, осы Патшалық басқа барлық патшалықтарды біржола қиратып, өзі мәңгі берік тұрады. Сонда ақсақтар тірі қалып, алысқа жер аударылғандармен бірге Менің мықты халқым болады. Мен, Жаратқан Ие, сол күннен бастап мәңгілікке Сион тауынан оларға патшалық құратын боламын. Жаратқан Ие бүкіл жер бетінің Патшасы болады. Сол күні Жаратқан Ие бірден-бір Құдай болып, жалғыз Оның есімі ғана мадақталатын болады. Иса Жақыптың үрім-бұтағына мәңгі бақи Патшалық құратын болады. Оның Патшалығының шегі болмайды, — деді. Құдай Рухы келген соң, Ол осы дүниенің күнәсінің, Менің әділдігімнің және Құдайдың сотының қандай екендігіне адамдардың көздерін жеткізеді: Мұнан соң бәрінің ақыры болады: Мәсіх қарсы тұратын күллі билік пен күш атаулыны жойып жіберіп, өз Патшалығын Құдай Әкесіне тапсырады. Жетінші періште кернейін тартқанда, көктен: «Әлемді басқару билігі Жаратқан Иеміздікі және Оның тағайындаған Патшасы Мәсіхтікі! Ол мәңгілік билік жүргізетін болады!» — деген қатты дауыстар шықты. Содан кейін мен жиналған көптеген халықтың зор дауыстарын тағы да естідім. Олар сарқырап аласұрған судың гүрілі мен қатты күн күркіріне ұқсап, былай деп айқайлады:«Жаратқан Иені мадақтаңдар! Себебі біздің Құдайымыз — Жаратқан Ие, бүкіл әлемнің Билеушісі Патшалық құруда.
Авдий
1
Выбор основного перевода