Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Авдий
1
Параллельные места
Бабылға қарсы соғысу үшін садақшыларды көптеп шақырыңдар. Оны айнала қос тігіп, қоршауға алыңдар. Ешкім одан қашып шықпасын. Оған өзінің істегендерінің қарымтасын қайтарыңдар. Өйткені ол Исраилдің киелі Құдайы Жаратқан Иеге қарсы өркөкіректеніп бас көтерді. Құш, Либия, Лүдия, күллі арабтар, Хуб, әрі келісім жасасқан одақтас жердің бүкіл халқы олармен бірге семсерден қаза табады. Сондықтан өз атыммен ант етемін, — дейді мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие. — Мен сені оларды сондай жек көріп, ашу-ыза мен қызғанышқа салынғандығыңа сай жазалаймын. Саған істегендерім арқылы Мен Өзімді халқыма танытамын. Исраил халқының мұралық жері қаңырап бос қалғанда сен қуанған едің. Енді Мен де саған дәл солай істеймін. Сен қаңырап бос қаласың, ей, Сейір тауы, әрі бүкіл Едом елі! Сонда бәрі де Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады». Жаратқан Иенің күні таяп қалды. Бұл қандай қасіретті күн болмақ! Сол күні құдіреті шексіз Құдай елді талқандамақ. Сен көп халықты тонағандықтан, қалған халықтар енді сенің өзіңді тонайды. Себебі сен адам қанын төгіп, елдер мен қалаларды тұрғындарымен бірге қираттың.
Авдий
1
Выбор основного перевода