Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Параллельные места
Осы себептерден де Жаратқан Ие Өзінің халқына деген қаһарын лаулатып, оны жазалау үшін қолын көтеріп тұр. Оның құдіретінен таулар сілкінеді. Сонда өлгендердің денелері қоқыстай далаға лақтырылады.Соның өзінде Жаратушының қаһары әлі де басылған жоқ, Оның құдіретті қолы жазалау үшін көтеріліп тұр! — Жаратқан Ие мынаны айтады: Қараңдар, солтүстіктен жау топан судай ағылып келе жатыр. Олар асып-тасыған дариядай бүкіл елге жайылып, ондағы қалаларды тұрғындарымен қоса басып тастайды. Адамдар айқайлап, елде тұратындардың бәрі қиналып жыламақ. Сол себепті бүкіл елді қайғы басып, барлық тұрғындары әлсіреп қалды. Тіпті даладағы аң, құс, балық атаулы да қырылып жатыр». Әлемнің Әміршісі Жаратқан Ие қолын жерге тигізсе, ол балқи бастайды да, онда тұратындар қайғырады. Бүкіл жер Мысырдағы Ніл өзені сияқты көтеріліп әрі тасып, сосын қайтадан төмендейтін болады. Халқым зор қиындықпен теңіз арқылы өтеді. Сонда буырқанған теңіз толқындары сабасына түсіп тыншиды. Ніл өзенінің бар арналары құрғап кеуіп қалады. Ассурдың өркөкіректігі қорланып, Мысыр да өз билігінен айырылады.
Выбор основного перевода