Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Параллельные места
Сұмдық жасайтындар ақылға келмес пе екен?Халқымды олар нан жегендей жалмап кеткен,Жаратқанға сиыну ойларына еш түспеген. Олар кедейдің басын жердің топырағына таптап, бейшараны жолынан итеріп баса көктейді. Әкесі мен баласы екеуі бірдей бір жас әйелге барып, Менің киелі есімімді қор қылады. Сендер кедейлерді басып-жаншып, олардан алым ретінде мол астық жинайсыңдар. Сондықтан қашалып өңделген тастан үйлер салсаңдар да, оларда тұрмайсыңдар! Жүзімдіктер отырғызсаңдар да, солардың өнімдерінің рақатын көрмейсіңдер! Өйткені сендердің бас көтеріп, Маған қарсы шыққан жайттарыңның қаншалықты көп әрі күнәларыңның қандай ауыр екенін білемін: сендер пара алып, әділ жанға қысым жасайсыңдар және сотта бейшараны жолдан былай итермелеп, құқығынан айырасыңдар.
Выбор основного перевода