Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Параллельные места
Сендер қуана той тойлағанда, белгіленген мейрамдарыңды өткізген уақыттарыңда, әр айдың бірінші күні, түгелдей өртелетін және Жаратқан Иемен қарым-қатынастарыңа ризашылық білдіретін құрбандықтарыңды ұсынған кездеріңде де, кернейлеріңді тартыңдар! Сонда Мен сендерді ерекше ескеретін боламын. Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін». Күйеуі одан:— Неге оған бүгін барғың келе қалды? Бүгін не айдың бірінші күнгі мейрамы, не демалыс күні емес қой? — деп сұрады. Бірақ әйелі оған:— Уайымдамаңыз, бәрі де жақсы, — деді. Егер елде тұрып жатқан басқа халықтар демалыс күні және өзге де қасиетті күндері не бұйымдарын, не азық-түліктерін сатуға әкелетін болса, біз оларын сатып алмаймыз.Әр жетінші жылы егін екпейміз әрі сол жылы барлық қарыздарды кешіреміз. Сол кездері мен Яһуда аймағында демалыс күні істеуге қатаң тыйым салынған күнделікті жұмыспен айналысып жатқан адамдарды көріп жүрдім. Олар демалыс күндері жүзімдерін таптап, шырынын сығатын, астық масақтарын жинап-буып, есектерге тиейтін. Жұрт, сондай-ақ, шарап, жүзім, інжір және басқа да түрлі жүктерді Жаратқан Иеге бағышталған демалыс күндері есектеріне артып, Иерусалимге алып келетін. Мен соны істейтіндерге демалыс күні азық-түлік сатуға болмайтынын қатты ескерттім. Тир қаласынан көшіп келіп, Иерусалимде тұрып жатқан саудагерлер де балық пен алуан түрлі бұйымдарды қалаға алып келіп, Яһуда халқына демалыс күндері сатып жүрді. «Бұдан былай сендердің таразыларың әрі (қатты, сұйық заттардың көлемін өлшейтін) ефа және бат деген өлшемдерің дұрыс болсын! Ал саудагерлердің таразылары дұрыс емес, олар алдамшылықты ұнатады. Уа, зұлым әулет, сендердің арамдықпен жиып-тергендерің әлі бар емес пе? Сендердің әдейі азайтылған өлшеуіштеріңді жек көремін! Таразысы алдамшы, әрі дорбасын жалған өлшеуіш тастарға толтырып алған кісіні Мен қалайша ақтаймын?
Выбор основного перевода