Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Параллельные места
«Уа, Ешүрун, ешкім ұқсамас Құдайыңа,Ол салтанатпен келеді сені қолдауға,Бұлттар үстімен жүреді аспанда. Уа, Исраил, қандай бақыттысың сен,Жаратқан Ие құтқарған аман-есенӨзіңдей басқа халық бар ма екен?Ол сені қалқандай қорғап-қолдайды,Семсердей саған үстемдік сыйлайды.Алдыңда құлдық ұрады жауларың,Биік жерлеріне аяғыңды басасың». Халық Маған арнап малдарын құрбандыққа шалып, етін жесе де, Мен, Жаратқан Ие, соларына риза емеспін. Қайта, Мен халқымның істеген зұлымдықтарын есіме алып, оларды күнәлары үшін жазалаймын: халқым өздері бұрын құл болған Мысырға қайта оралатын болады! Исраил халқы Гибеяның кезіндегідей азғындыққа терең батып кетті. Құдай кінәларын есінен шығармай, оларды күнәлары үшін жазалайтын болады. Жаратушы Тәңір Ие Өзінің киелі атымен ант етті. Ол — Жаратқан Ие, Әлемнің Әміршісі Құдай, мынаны айтады: «Мен Жақыптың үрім-бұтағының асқақтығынан жиренемін, олардың бекіністі сарайларын да жек көремін. Сондықтан да Мен осы қаланы және онда тұратындардың бәрін жауларының қолына тапсырамын».
Выбор основного перевода