Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Параллельные места
Сол себепті патша кеңесіп алып, алтыннан екі жас бұқа мүсінін жасатып, халыққа: «Иерусалимге бару сендерге тым қиын ғой. Әй, Исраил, сені Мысыр елінен бастап алып шыққан тәңірлерің осылар!» — деп жариялатты. Екі мүсіннің біреуін Бетел, екіншісін Дан қалаларында орнатқызды. Бұл ауыр күнәға түрткі болды. Себебі халық оларға сонау Данға дейін барып табына бастады. Уа, Солтүстік Исраил, сен өзің азғындыққа салынғанмен, Яһуда халқы да сондай күнә жасамасын! Не Ғылғалға, не Бет-Әбенге барып, жалған тәңірлерге табынбаңдар, Мәңгі тірі Жаратқан Иенің атымен ант та етпеңдер! Бетелдегі жалған тәңірден көмек іздемеңдер, Ғылғалға да бармаңдар, Бер-Шебаға қарай да өтпеңдер! Өйткені жау Ғылғалдың халқын еш шүбәсіз тұтқынға айдап әкетеді, Бетелдің басына да апат түспек».
Выбор основного перевода