Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Параллельные места
Мен сендерге қолданамын әділдіктіҚұрылыстың өлшеуіш жібі секілді,Адалдықты таразының кіртасы іспетті.Сонда бұршақ дауылы сендер паналаған өтірікті жойып, су тасқыны сендердің жасырынған орындарыңды ағызып алып кетеді. Бірқазан мен кірпі оны иемденіп, үкі мен қарға сонда ұяларын салады. Құдай Едомның жерін тәптіштеп өлшеп, оны ретсіз, тіршіліксіз бос жатуға бағыштайды. Жаратқан Ие Сион шаһарыныңҚамалын да бұзуды жоспарлаған.Ол өлшеуіш жіп тартып, түгел құртамынДеп, қайтқан жоқ ойына алғанынан.Бар бекіністер мен қабырғаларданҚаладағы түк қалмады сондықтан. Ол менен:— Не көріп тұрсың, Амос? — деп сұрады.— Піскен жеміс салынған себетті, — деп жауап бердім. Сонда Жаратқан Ие маған тіл қатып былай деді:— Өз халқым Исраилдің де пісіп, жиналып, сотталатын уақыты жетті. Бұдан былай Мен олардың күнәларына шыдамдылық көрсетпеймін! «Өз меншікті халқын кінәсінен арылтатын әрі оның тірі қалғандарының теріс істерін кешіретін Сен сияқты қай Құдай бар? Сен мәңгілікке қаһарланбайсың, қайта, берік мейірім көрсетуден рақат табасың.
Выбор основного перевода