Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Параллельные места
Тәңір Ие сотта тергейді өз халқын,Олардың күш-қуатының сарқылғанын,Құл мен еріктінің тірі қалмағанынБайқап, оларға түсірер шапағатын. Езекия патша және бүкіл Яһуда халқы оны сол үшін өлімге кесіп пе еді? Қайта, Езекия Жаратқан Иені қастерлеп, Одан рақым етуін жалбарына сұрады емес пе? Сонда Жаратқан Ие райынан қайтып, оларға бұйырған апатын жібермей қойды ғой! Ал Еремияны өлтіріп, біз өзімізге-өзіміз зор апат келтірейін деп тұрмыз! Құдай олардың істегендерін көріп, зұлым жолдарынан қайтқандарына көз жеткізді. Содан Ол халыққа аяушылық танытып, бәрін құртамын деген райынан қайтты. Қайғыларыңды білдіру үшін тек киімдеріңнің өңірін жыртып қана қоймаңдар, істегендеріңе шын жүректен өкініңдер! Құдайларың Жаратқан Иеге қайтып келіңдер! Өйткені Ол рақымды да қайырымды, тез қаһарланбайды, берік мейірімі мол, әрі жазалаймын деген райынан қайтуға дайын.
Выбор основного перевода