Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Параллельные места
Олар бүкіл Мысырға лап қойып, сансыз үйірлерімен елдің түкпір-түкпіріне дейін басып алды. Бұған дейін мұндай қаптаған шегірткелер болған да емес, бұдан кейін де болмайды. Шегірткелер жердің бетін түк көрсетпей қап-қара қылып жауып тастады да, бұршақтан аман қалған дала өсімдіктері мен ағаш жемістерін жалмап қойды. Бүкіл Мысыр еліндегі ағаштар мен өсімдіктердің көк жапырақтары мен сабақтарынан ештеңе қалмады. Ассур патшасы мәңгі тірі Құдайды қорлауға өзінің бас уәзірін жіберді. Мүмкін, Құдайыңыз Жаратқан Ие осы сөздерді естіген соң, Ассур патшасын айтқандары үшін сөгіп ескертер. Сондықтан халықтың әлі де тірі қалғандары үшін Жаратқан Иеге мінажат етіңізші! Олар соларды қырып жатқанда, жалғыз қалған мен жерге етпетімнен жата кетіп:— Уа, Жаратушы Тәңір Ие! Бүкіл Иерусалимге қаһарыңды төгіп, Исраилден қалғандарды ең соңғы адамына дейін құртпақсың ба? — деп дауыстап сиындым. Мен Құдайдың осы хабарын жеткізіп тұрған кезімде-ақ Бенаях ұлы Пелатиях лезде қайтыс болды. Сонда мен жерге етпетімнен жата кеттім де:— Уа, Жаратушы Тәңір Ие, Исраилдің тірі қалғандарын түгелдей құртпақсың ба? — деп дауыстап жібердім. Еремия пайғамбардың алдына келіп, былай деді:— Біздің өтінішімізді тыңдап, елде қалған бәріміз үшін Құдайыңыз Жаратқан Иеге сиынып арашалық дұға ете көріңіз! Бұрын біз көп едік, енді өзіңіз көріп отырғаныңыздай азғантай ғана қалдық.
Выбор основного перевода