Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Параллельные места
Ассур елінің патшасы Бабыл, Құта, Аууа, Хамат және Сепар-Уайм өлкелерінен халқын көшіріп әкеліп, оларды исраилдіктердің орнына Самария еліндегі қалаларға қоныстандырды. Осылар Солтүстік Исраилдің жерін иемденіп, қалаларына орнығып алды. Олардың пайғамбарлық сөздері жеткен басқалар да семсер мен ашаршылықтан қырылып, мәйіттері Иерусалимнің көшелеріне лақтырылады. Олардың өздері мен әйелдерін, ұлдары мен қыздарын қабірге қоятын ешкім болмайды. Осылайша Мен лайықты пәлелерін бастарына төгемін! Сол себепті Жаратқан Ие мынаны айтады: Енді Мен сені жер бетінен аластатып қуып жіберемін! Дәл осы жылы өлесің, өйткені сен халықты Жаратқан Иеге қарсы шығуға арандаттың. Мен, Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, мынаны Қолаях ұлы Ахаб пен Мағасиях ұлы Седекиях туралы айтамын: Олар Менің атымнан жалған хабарлар айтып келеді. Біліп қойыңдар, Мен оларды Бабыл патшасы Набуходоносордың қолына түсіремін. Ол сол екеуін сендердің көз алдарыңда өлтіреді. — Барлық жер аударылғандарға хат жолдап былай деп жаз: «Нехеламдық Шемаях туралы Жаратқан Ие мынаны айтады: Мен өзін жібермесем де, Шемаях сендерге пайғамбар болғансып сөз айтып, сендерді өтірікке сендіргені үшін, Жаратқан Ие соған қоса тағы былай деді: — Мен Исраил халқын басқа халықтардың арасына қуып жібергеннен кейін, олар сонда осындай арам тамақтарды жейтін болады! — Халқым тау-төбелердің бастарында малдарын құрбандыққа шалып, саясы ыңғайлы деп емен, терек, пісте ағаштарының түбінде жалған тәңірлерге арнап хош иісті заттарды түтетеді. Сол себепті қыздарың жезөкшелікке салынып, келіншектерің неке адалдығын бұзады! Ал Мен қыздарың мен келіншектеріңді сол үшін жазаламаймын. Өйткені еркектердің өздері жай жезөкшелерге де, жалған тәңірлерге бағышталған табыну орындарындағы жезөкшелерге де барады. Осылай жақсы мен жаманды айыра білгісі келмейтін халық құриды. Халық Жаратқан Иенің осы елінде қалмайды. Жоқ, Ефрем Мысырға қайта оралып, Ассур елінде де арам тамақты жейтін болады.
Выбор основного перевода