Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Параллельные места
Сол кезде пайғамбарлар шәкірттерінің біреуі Жаратқан Иенің сөзі бойынша қасындағы серігіне: «Мені ұрып-соқ!» — деп бұйырды. Бірақ серігі ұрудан бас тартты. Сол маңайда тұрып жатқан пайғамбарлар шәкірттері Елішенің қасына келіп:— Жаратқан Иенің бүгін өзіңнен қожайыныңды алып кететінін білесің бе? — деп сұрады. Еліше:— Әрине, білемін, бұл туралы тіс жармаңдар! — деп жауап қайтарды. Еліше Ғылғалға қайтып келгенде, сол жерді аштық жайлаған екен. Пайғамбарлардың шәкірттері оның алдында отырған кезде ол қызметшісіне: «Үлкен қазанды асып, мына адамдарға тамақ пісіріп бер!» — деді. Сонда Ханани ұлы Еху атты пайғамбар оның алдынан шығып, былай деді: «Зұлым адамды қолдап, Жаратқан Иені жек көретіндерді жақсы көргеніңіз дұрыс па?! Осыны істегеніңіз арқылы өзіңізге қарсы Жаратқан Иенің қаһарын туғыздыңыз. Керісінше, әрқайсысы: «Жоқ, мен пайғамбар емеспін, жер өңдеуші диқанмын. Жастайымнан басқа адам үшін жер өңдеп келемін!» дейтін болады.
Выбор основного перевода