Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Параллельные места
Мен Өзім сондай адамға қарсы шығып, оны халықтан аластатамын. Себебі өз баласын Молохқа құрбан ету арқылы ол Менің киелі орнымды арамдап, киелі есімімді қорлады. Олар мұқтаж адамдарды жолдан итеріп шығарған, елдегі күллі жарлылар жасырынуға мәжбүр. Сол кезде адамдар ағайындарының біреуіне жармасып: «Үстіңде киімің бар ғой. Біздің басшымыз болып, қираған осы жерді қол астыңа алып, қалпына келтіре гөр!» деп жалынатын болады. Олар халқымның арасындағы жарлыларды құқықтарынан айырып, жәбір көргендерге әділет жолын жауып тастайды. Тіпті жесірлерді олжалап, жетімдердің барын тонайды! Сенде тұратын тағы біреу көршісінің әйелімен неке адалдығын бұзған, екіншісі өзінің келінімен жақындасып оның абыройын төккен, үшіншісі туған қарындасын, өз әкесінің қызын зорлаған. Өйткені сендердің бас көтеріп, Маған қарсы шыққан жайттарыңның қаншалықты көп әрі күнәларыңның қандай ауыр екенін білемін: сендер пара алып, әділ жанға қысым жасайсыңдар және сотта бейшараны жолдан былай итермелеп, құқығынан айырасыңдар. Әй, мұқтаждарды аяқасты қылатын, елдің жарлыларын құртатын сендер, мынаны тыңдаңдар: Сол сияқты Пайғамбарлар жазбаларында мына тәрізді сөздер айтылған: Басқа ұлттардың арасында сендерге бола Құдайдың аты қорланады. Араларыңда азғындық — тіпті басқа ұлттардың адамдары жасамайтын азғындық бар деген шүбәсіз хабар маған да жетті: араларыңдағы біреуің әкесінің жұбайымен көңілдес екен.
Выбор основного перевода