Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Параллельные места
Көріп тұрмын оны, бірақ қазір емес,Байқап тұрмын оны, бірақ жақын емес:Жақыптан бір жұлдыз туатын болады,Исраилден ұлы патша шығатын болады.Ол Моабтың әміршілерін таптап жояды,Шеттің бар ұрпақтарының көзін құртады. Енді, патшалар, ақылға келіңдер,Әлемнің билері, шындықты түсініңдер! Құдай жердің әміршілерін түкке тұрғысыз етіп, осы дүниенің билеушілерін күшінен айырады. Өз жетістіктерің мен байлығыңа сенген едің. Енді сен де тұтқынға түсіп, жалған тәңірің Хамос та өзінің абыздарымен және әміршілерімен бірге жер аударылып кетеді. Әй, сендер әділетті бұрмалап, (бейшаралар үшін) ащы бір нәрсеге айналдырасыңдар, әділдікті менсінбей, жерге таптайсыңдар! Өйткені сендердің бас көтеріп, Маған қарсы шыққан жайттарыңның қаншалықты көп әрі күнәларыңның қандай ауыр екенін білемін: сендер пара алып, әділ жанға қысым жасайсыңдар және сотта бейшараны жолдан былай итермелеп, құқығынан айырасыңдар. Жылқы жартаста ойнақтай ала ма? Теңізді соқамен жыртуға бола ма? (Әрине, болмайды.) Ал сендер әділдік пен шыншылдықты ащы уға айналдырдыңдар!
Выбор основного перевода