Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Параллельные места
Патшаны қалың жасағы құтқармайды,Жауынгер зор күшімен қорғана алмайды, Тұлпар да құтқаруға жарамайды,Ерен күшімен де құтылта алмайды. Мен осы өткінші дүниеге назар аударып, тағы мынаны көрдім: Жарыста жүйрік, шайқаста мықты жан әрдайым жеңе бермейді екен. Данада — тамақ, ақылдыда — байлық, шеберде — абырой әрқашан бола бермейді, солар барлық адамдардың үлесіне орайы келгенде кенеттен тиеді екен. Қайта, сендер: «Атқа мініп қашып кетеміз!» дейсіңдер. Солай-ақ болсын, шынында да қашып кетесіңдер! «Жүйрік аттарға мініп, басқа жаққа кетеміз!» дейсіңдер. Солай-ақ болсын, бірақ сендерді қуатындар да өте жүйрік болмақ! Жаудың бір жасақшысы айбат көрсеткенде, сендердің мыңың қаша жөнелесіңдер. Олардың бес-ақ жасақшысының айбатынан бәрің де қашып кететін боласыңдар. Сонда сендер тау шыңында қадалған жалау сабына немесе қырат басындағы сырыққа ұқсап жападан-жалғыз қаласыңдар. Жаратқан Ие мынаны да айтады: Дана даналығымен, мықты мықтылығымен, бай байлығымен мақтанбасын! Мен құрбандық үстелінің жанында тұрған Жасаған Иенің берген аянын көрдім. Ол маған тіл қатып былай деді: «Бағаналардың бастарын ұр, босағалары күйресін! Оларды халықтың үстіне құлат! Аман қалғандарын Өзім семсермен қырамын. Ешқайсысы қашып та кетпейді, ешқайсысы құтыла да алмайды.
Выбор основного перевода