Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Параллельные места
Бірақ егер Мені тыңдамай, осы өсиеттердің барлығын орындамасаңдар және Менің Келісімімді бұзып, ережелерімді менсінбей, шешімдерімнен жиреніп, бүкіл өсиеттерімді орындаудан қалсаңдар, Алайда Яһуданың халқы да өзінің Құдайы Жаратқан Иенің өсиеттерін орындамай, Солтүстік Исраил енгізген жаман дәстүрлерге еліктеп кетті. Сендер: «Ажалмен келісімшарт жасастық, о дүниемен келісімге қол жеткіздік, — деп мақтанасыңдар. — Ғаламат апат келген кезде бізге жоламай өтіп кетеді. Өйткені біз өтірікті паналап, алдамшылықпен жасырынамыз». Тыңда, уа, жер! Зұлым істерінің кесіріне бола Мен мына халықтың басына апат түсіремін. Себебі осы халық Менің сөздеріме құлақ аспай, Таурат заңымнан бас тартты. Сол данышпандарың Жаратқан Иенің сөзін қабылдамай тастады. Ендеше оларда қандай даналық бар? Олар жау еліне жер аударылып масқара болады. — Уа, Жаратқан Ие, Сен күш-қуатымның қайнар көзісің, басыма күн туғанда паналайтын қорғанымсың. Жердің шет-шеттерінен халықтар Саған келіп: «Ата-бабаларымыз өтірікке алданып, түкке тұрғысыз тәңірсымақтарға табынып келді. Бірақ Исраил халқы иен далада Маған қарсы бас көтерді. Олар ережелеріме мойынсұнған жоқ, керісінше, шешімдерімді менсінбеді. Ережелерім мен шешімдерімді орындаушы адам солар арқылы өмір сүретін болса да, Исраил халқы осылай етті. Бұған қоса олар тағы Менің өздеріне тапсырған демалыс күніме қатысты ережелерімді де бұзып, оның қасиеттілігін қастерлемеді. Сондықтан Мен қаһарымды төгіп, оларды иен далада жойып жібермек болдым. Өйткені олар Менің шешімдерімді менсінбей, ережелеріме бағынбады, демалыс күндеріме қатысты ережелерімді бұзып, сол күндердің қасиеттілігін қастерлемеді. Себебі олар жүректерімен жалған тәңірлерге берілген еді. Мен сол иен далада олардың балаларына былай дегенмін: «Ата-бабаларыңның жаман әдет-ғұрыптарын орындамаңдар, олар табынған жалған тәңірлермен өздеріңді арамдамаңдар! Осылайша біз, бүкіл Исраил халқы, Сенің Таураттағы заңдарыңды бұзып, Саған мойынсұнудан бас тартып, сырт айналып кеттік.Сондықтан да күнә жасап келген біздің басымызға Құдайдың қызметшісі Мұса ежелде Тауратта жазып қалдырған қарғысқа және антпен бекітілген жазаға ұшырадық. Сонда Мен халықтардың барлығын жинап, «Жаратқан Иенің Соттау аңғарына» алып барамын. Сол жерде Мен осы халықтарды Өзімнің меншікті халқым Исраилді басқа елдердің арасына шашыратып жібергендері үшін соттап жазалаймын. Олар Менің елімді өзара бөлісті, Өйткені адамдар Құдай туралы шындықты мойындамай, жалған тәңірлерге сиынып келеді. Жаратушы Иеге бас ұрып ғибадат етудің орнына жаратылған нәрселерге құлшылық етеді. Ал Жаратушы Құдай мәңгілік мадақталуға лайық! Аумин.
Выбор основного перевода