Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Параллельные места
Олар көріпкелдерге: «Аян көруші болмаңдар!» — дейді, пайғамбарларға да былай деп тыйым салады: «Ненің ақиқат екені туралы емес, бізге ұнамды жайттар туралы айтыңдар! Қиялдар көріп, соларды жеткізіңдер! Жанымды алмақ болып маған: «Жаратқан Иенің атынан пайғамбарлық сөздеріңді жариялама, әйтпесе өлтіреміз!» — деп, көзімді құртқысы келіп жүрген Анатоттың адамдары туралы Жаратқан Ие мынаны айтады: Мұнан кейін Амасиях Амосқа былай деді:— Ей, көріпкел, бар! Яһуда еліне қашып кет! Наныңды сонда тауып же, пайғамбарлық сөзіңді сол жерде айт! Ендігәрі Бетелде пайғамбарлық сөз айтушы болма! Бетел — патшаның сиынатын киелі жері әрі бүкіл патшалықтың құлшылық ететін үйі! — Ал енді, Жаратқан Иенің сөзін тыңда! Сен Маған: «Солтүстік Исраилге қарсы пайғамбарлық сөз айтпа! Ысқақтың үрім-бұтағына қарсы сөйлеме!» дейсің. Олардың пайғамбарлары: «Бізге бұл жайттар туралы пайғамбарлық сөз айтпаңдар! Олай істеуге болмайды! Бұндай масқара басымызға түсе қоймас!» — дейді.
Выбор основного перевода