Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ шайқаста арамалықтар Жорамды жарақаттап, ол жарасынан емделіп айығуға Ізрел қаласына қайта оралған еді. Еху басқа қолбасшыларға: «Егер менімен шынында ниеттес болсаңдар, ешкімнің осы жерден сытылып шығып, Ізрелге хабар жеткізуіне жол бермеңдер!» — деген нұсқау берді. Содан Еху күймесіне мініп, Жорам тынығып жатқан Ізрел қаласына барды. Яһуда патшасы Охозиях Жорамның көңілін сұрап сонда келіп жатқан болатын. Жорам жарақаттарынан емделіп жазылу үшін Ізрел қаласына қайта оралды. Сондықтан Яһуда патшасы Охозиях оның халін сұрап қайтпаққа Ізрелге ылдилап барды. Ал Құдай Охозияхтың Жорамға келіп, сонда өлуі керек деп ұйғарып қойған еді. Охозиях Ізрелге жеткеннен кейін, Жорамға еріп соның қолбасшысы Німши ұлы Ехуді қарсы алуға шықты. Жаратқан Ие Ехуге Ахабтың әулетін құртуды тапсырып, оны соған тағайындап қойған болатын.
Выбор основного перевода