Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Олар Яһудаға шабуыл жасап, елге басып кірді де, патшаның сарайынан тапқан қымбат дүние-мүліктің бәрін де, оның балалары мен әйелдерін де алып кетті. Тек Жорамның Охозиях есімді кенже ұлы ғана өзінде қалды. Жорам патша болған кезде жасы отыз екіде еді. Ол Иерусалимде сегіз жыл билік жүргізді. Жорам дүниеден қайтқанда ешкім оны жоқтамады. Оның мәйіті Дәуіттің шаһарында жерленсе де, патшаларға арналған қабірлердің біріне қойылған жоқ. Иерусалимнің тұрғындары Жорам патшаның кенже ұлы Охозияхты әкесінің орнына патша етіп қойды. Себебі бір тонаушылар тобы көшпенді тайпалармен бірігіп Яһуданың әскер қосына тап бергенде патшаның Охозияхтан үлкен ұлдарының барлығын да өлтіріп тастаған еді. Сондықтан Жорамның кенже ұлы Охозиях Яһуда елінің патшасы болды.
Выбор основного перевода