Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол кездерден бастап Жаратқан Ие Солтүстік Исраилдің жер көлемін қысқарта бастады. (Арамалық) Хазаил патша Солтүстік Исраилге оның бүкіл елі бойынша соққы беріп жүрді. Сол кезде Арама патшасы Хазаил Ғат қаласына қарсы аттанып, шабуыл жасап, оны басып алды. Бұдан кейін ол Иерусалимге өрлеп аттанып, оған да шабуыл жасамақ болды. Сол себепті Жаратқан Иенің қаһары Солтүстік Исраилге қарсы лап етті. Ол елді ұзақ уақыт бойы Арама патшасы Хазаилден және оның ұлы Бен-Хададтан жеңіле беретін етті. Ақырында Жоғахаздың әскерінен бар болғаны елу салт атты, он соғыс күймесі және он мың жаяу жасақшысы ғана қалды. Себебі басқа жауынгердің бәрін Араманың патшасы қырып-жойып, табанымен таптағандай талқандаған еді. Әкесі көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелгеннен кейін, Ұзиях (Қызыл теңіздің шығанағындағы) кеме тоқтайтын Елат қаласын қайтадан салғызып, Яһуда еліне қосты. Бұдан кейін Менахим Тирсадан аттанып, Типсах қаласы мен оның маңайындағы барлық халыққа тап берді. Себебі олар оған қала қақпаларын ашудан бас тартқан болатын. Менахим олардың көздерін құртып, тіпті жүкті әйелдерінің іштерін жарып өлтірді. Жау олардың балаларын көз алдарында ұрып өлтіріп, үйлерін тонап, әйелдерінің абыройын төгіп масқаралайды. Сол себепті халқыңа бір зор апат төніп, барлық қамалдарың қиратылады. Бұл, Салман Бет-Арбелді қиратқан шайқас күніндей болады. Сонда аналар балаларымен бірге ұрылып өлтірілген еді. Жаратқан Ие мынаны да айтады: «Аммон халқы көптеген зұлым істер істеп келеді. Сондықтан Мен оларға шығарған үкімімді жоймаймын. Аммондықтар өз жерлерін кеңейту үшін Ғилақад аймағына бас салып, сондағы жүкті әйелдерді қарындарын жарып өлтірді.
Выбор основного перевода