Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол кездері Едомда патша болмайтын, елді Яһуда патшасы тағайындаған аймақ әкімі басқаратын. Осылайша Солтүстік Исраилдің, Яһуданың және Едомның патшалары әскерлерін ертіп аттанды. Айналма жолмен жеті күн бойы жүргеннен кейін олардың өздері үшін де, қастарындағы малдары үшін де су қалмады. Сонда Моаб патшасы өзінің ізбасары болуға тиіс тұңғыш ұлын алып, қала қабырғасының үстінде құрбандыққа шалып, өртеп жіберді. Соған исраилдіктер қатты наразыланып, қаладан шегініп, өз елдеріне қайтып кетті. Жорамның заманында Едом халқы Яһуда патшалығының үстемдігіне қарсы бас көтеріп, өздеріне патша тағайындап алды. Сонда Жорам өзінің қолбасшыларымен, барлық соғыс күймелерімен шекарадан өтіп оларға қарсы аттанды. Бірақ едомдықтар оның өзін және соғыс күймелерінің айдаушыларын қоршап алды. Олар түнде тұрып, едомдықтардың қоршауын бұзып шығып, құтылды. Содан бері Едом халқы осы күнге дейін Яһуданың үстемдігіне қарсы бас көтеріп келеді. Сол кезде (філістір елінің шекарасындағы) Либна қаласы да Жорамның билігіне қарсы шықты.Жорам ата-бабаларының сиынған Құдайы Жаратқан Иеден бас тартқандықтан осы оқиғалар болды.
Выбор основного перевода