Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Менің есіміме арнап киелі үйді салатын сол болмақ. Оның патшалық тағын мәңгілікке орнатамын. Бірақ Сарұяның ұлы Әбішай Дәуітке көмекке келді де, філістірге тап беріп, оны өлтіріп тастады. Сонда Дәуіттің адамдары одан өтініп: «Енді қайтып бізбен бірге ешқашан шайқасқа шықпасаңыз екен! Себебі Исраилдің шам-шырағын өшіруге болмайды!» — деп, бұларын антпен бекітті. Ал қызметшім Дәуіттің әулетінің ұдайы Менің көз алдымда Иерусалимде патшалық құрып шам-шырақ іспетті сәуле шашулары үшін, Сүлейменнің ұлының билігіне бір руды тапсырамын. Өйткені Иерусалим — есімімді орнату үшін Өзім таңдап алған қалам. Алайда Құдай Ие Өзінің сенімді қызметшісі Дәуітке бола Дәуіттің әулетінің Иерусалимде патшалық құра беруіне мүмкіндік берді. Сол үшін Жаратқан Ие Абияхқа өзінен кейін патша болатын ұл сыйлап, Иерусалимді нығайтты. Сонда да Жаратқан Ие Өзінің Дәуітпен жасаған Келісіміне бола Дәуіттің әулетін жоюды қаламады. Ол Дәуітке және оның келешек ұрпақтарына ұдайы (патшалық құрып) шам-шырақ іспетті нұр шашуға мүмкіндік беру жайлы уәде еткен болатын.
Выбор основного перевода