Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Ертең осы уақытта саған Бунямин жерінен бір адамды жіберемін. Оған май жағу рәсімін жасап, оны меншікті халқым Исраилдің басшысы етіп тағайында! Ол халқымды філістірлердің қол астынан азат етеді. Халқымның қиналған айқайы құлағыма жетіп, оларға назар аударып келемін». Самуил майға толған құтысын алып, одан Саулдың басына құйды. Оның бетінен сүйіп, былай деді:— Біліп қой, Жаратқан Ие сені Өзінің меншігінің басшысы етіп тағайындады! Амос ұлы Ишая пайғамбар сол кезде Езекияға мына хабарды жіберді: «Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: Сенің Маған Ассур патшасы Сеннахирим жайлы еткен дұғаңа құлақ салдым. Күнәсі үшін жазаласаң пендені,Күйе жеп қойғандай таусылар көрігі,Рас, алған деміндей әлсіз — пенде өмірі! Уа, Құдай, сұм істерімен құтылтпашы,Сол қыңыр ұлттарды қаһарыңмен құлдыратшы.
Выбор основного перевода