Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда Ехониях патша өзінің шешесі, нөкерлері, әміршілері және сарай қызметкерлерімен бірге қаладан шығып, бабылдықтарға берілді.Набуходоносор патшалық құрған сегізінші жылы Ехонияхты тұтқындады. Сол себепті Жаратқан Ие оларға қарсы Ассур патшасының әскер басшыларын жіберді. Бұлар Манасаны қолға түсіріп, мұрындықтап, қола шынжырлармен кісендеп, Бабыл қаласына айдап алып кетті. Бабыл патшасы сондай-ақ өзінің сарай қызметкерлерін басқаратын уәзірі Ашпеназға исраилдік патша әулетінен және ақсүйек тұқымынан шыққан бірнеше жасөспірім баланы Иерусалимнен алып келуге бұйырды. Бұлар ешбір кемтарлығы жоқ, келбетті, ғылымның бар жағынан да хабардар, парасатты да зерделі әрі патша сарайында қызмет атқаруға қабілетті болуға және халдейлердің тілі мен әдебиетін үйренуге тиісті еді. Патша оларға өз дастарқанындағы тамағы мен шарабынан күнделікті үлес тағайындады. Сол жасөспірімдер үш жыл бойы тәлім алғаннан кейін патша оларды сарайындағы қызметке кірістірмек болды. Яһуда руынан таңдап алынған жасөспірімдер арасында Даниял, Хананиях, Мишаел, Азариях деген балалар бар еді. Уәзір сол төртеуінің аттарын өзгертіп, Даниялға Балташазар, Хананияхқа Садырақ, Мишаелге Мисақ, Азарияхқа Әбдінего деп жаңадан ат қойды.
Выбор основного перевода