Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие аморлықтарды исраилдіктердің қолдарына тапсырған күні Ешуа бүкіл Исраил жасағының көз алдында Жаратқан Иеге сиынып: «Күн Гибеон үстінде тоқтай тұрсын, ай да Аялон аңғары үстінде аялдай тұрсын», — деп мінажат етті. Сонда халық жауларын жазалап болғанға дейін күн мен ай тоқтап тұрды. Бұл оқиға жайында «Яшардың кітабында» жазылған.Сол кезде күн дәл төбеде тұра қалып, шамамен бір күн бойы батуға асықпады. Жаратқан Иенің пенденің сөзіне құлақ асып, оның айтқанын осылайша орындаған бұрын-соңды бірде-бір күн болған емес. Себебі шынымен Жаратқан Иенің Өзі Исраил үшін соғысты. Ол күнге бұйрық берсе, ол ұясынан шықпай қояды, әрі жұлдыздарға әмір берсе, олар сәулесін шашпайды.
Выбор основного перевода