Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Езекия түп атасы Дәуіт істегендей Жаратқан Иеге ұнамды әділ істер істеді. Ол биіктеу жерлердегі табыну орындарын қиратып, жалған тәңірлерге бағышталған тас бағаналарды талқандап, Ашераға арналған ағаш бағаналарды шауып тастады. Езекия, сондай-ақ, ежелде Мұса пайғамбар мыстан жасаған жыланды да күлпарша етіп талқандады. Өйткені сол уақытқа дейін Исраил халқы Нехуштан деп атаған сол мүсінге арнап хош иісті заттарды түтетіп келген еді. Езекия Исраилдің Құдайы Жаратқан Иеге шынайы сенім артты. Езекиядан бұрын Яһуда елінің ол сияқты патшасы болған емес, одан кейін де болған жоқ. Езекия Жаратқан Иеден ажырамастай берік ұстанып, Оның жолынан таймады, әрі Жаратқан Иенің Мұса арқылы тапсырған күллі өсиеттерін мұқият орындай берді. «Уа, Құдайым, осы халыққа жасаған қызметімді менің игілігіме ескере гөр!» Содан кейін мен леуіліктерге демалыс күнінің қасиеттілігін сақтау үшін өздерінің тазару рәсімінен өтіп, қала қақпаларына барып, оларды күзетуі жайлы тапсырма бердім.«Мұнымды да есіңнен шығара көрме, уа, Құдайым! Өзіңнің зор мейіріміңе сәйкес маған рақымыңды көрсете гөр!» Күнәсі үшін жазаласаң пендені,Күйе жеп қойғандай таусылар көрігі,Рас, алған деміндей әлсіз — пенде өмірі! Мінажатыма, уа, Ием, құлақ түрші,Көмекке шақырған даусымды естіші,Менің көз жасымды елемей жүрмеші,Себебі барлық ата-бабама ұқсаймын,Жат жерлік кірме болып Өзіңмен тұрамын.
Выбор основного перевода