Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан Жаратқан Ие Сүлейменге былай деп хабарлады: «Сен осылай істеп Менің Келісімімді, өзіңе орындауға тапсырған ережелерімді ұстанбадың. Сол себептен Мен міндетті түрде патшалық билікті сенен жұлып алып, қызметшілеріңнің біреуіне тапсырамын. Еробоғамға былай деді: «Осы он паршаны өзіңе ал! Себебі Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: Біліп ал! Мен патшалықты Сүлейменнің қолынан жұлып алып, он рудың үстінен билікті саған беріп отырмын. Себебі Исраилдің халқы Еробоғамның елге қайтып келгенін естігенде, оған хабар жіберіп, жиналысқа шақырған еді. Сонда олар оны бүкіл Солтүстік Исраилдің патшасы етіп тағайындады. Тек (оңтүстіктегі) Яһуда руы ғана Дәуіттің әулетін қолдап, оған адал болып қала берді. Сол себепті патша кеңесіп алып, алтыннан екі жас бұқа мүсінін жасатып, халыққа: «Иерусалимге бару сендерге тым қиын ғой. Әй, Исраил, сені Мысыр елінен бастап алып шыққан тәңірлерің осылар!» — деп жариялатты. Екі мүсіннің біреуін Бетел, екіншісін Дан қалаларында орнатқызды. Бұл ауыр күнәға түрткі болды. Себебі халық оларға сонау Данға дейін барып табына бастады. Мен патшалық билікті Дәуіттің әулетінен жұлып алып, саған бердім. Алайда сен Өзіме адал болған қызметшім Дәуіт сияқты болмадың. Дәуіт менің барлық өсиеттерімді сақтап, шын жүректен Менің тура жолыммен жүріп, көз алдымда тек әділ іс-әрекет жасады.
Выбор основного перевода