Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Алайда қызметшім Дәуіт үшін және Өзім таңдап алған Иерусалим үшін ұлыңнан бүкіл патшалықты тартып алмай, оның билігіне бір руды қалдырамын». Тек қызметшім Дәуіт үшін және Исраилдің барлық руларының ішінен таңдап алған қалам — Иерусалим үшін оның билігіне бір руды қалдырамын. Ал қызметшім Дәуіттің әулетінің ұдайы Менің көз алдымда Иерусалимде патшалық құрып шам-шырақ іспетті сәуле шашулары үшін, Сүлейменнің ұлының билігіне бір руды тапсырамын. Өйткені Иерусалим — есімімді орнату үшін Өзім таңдап алған қалам. Себебі Исраилдің халқы Еробоғамның елге қайтып келгенін естігенде, оған хабар жіберіп, жиналысқа шақырған еді. Сонда олар оны бүкіл Солтүстік Исраилдің патшасы етіп тағайындады. Тек (оңтүстіктегі) Яһуда руы ғана Дәуіттің әулетін қолдап, оған адал болып қала берді. Ошия патшалық құрған тоғызыншы жылы Ассур патшасы Самарияны қолына түсіріп, оның халқын Ассур еліне жер аударып әкетті. Оларды Халахқа, Хабор өзенінің бойындағы Ғозанға және Мидияның қалаларына қоныстандырды.
Выбор основного перевода