Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие Мұсаға тағы былай деді:— Мен бұл халықты назарымда ұстап келемін, оның тоң мойын қыңыр екеніне көзім жетті. Сондықтан Құдай Иенің осы шұрайлы елді сендерге мұралық меншікке беруі өз әділдіктеріңе бола емес екендігін ұғып алыңдар! Керісінше, сендер тоңмойын, бағынбайтын халықсыңдар. Сендердің қандай бас көтергіш, тоңмойын қыңыр халық екендеріңді білемін. Мен әлі де тірі болып, қастарыңда жүрсем де, сендер Жаратқан Иеге бағынбай келесіңдер. Ендеше мен өлгеннен кейін одан бетер болмай ма?! Енді олар сияқты қиқарлыққа салынбаңдар! Жаратқан Иеге мойынсұныңдар! Оның мәңгілікке Өзіне бағыштаған киелі үйіне келіп, Оған қызмет етіңдер! Сонда Ол сендерге деген қаһарынан қайтпақ. Бірақ халық Мені тыңдаған да жоқ, сөздеріме ден қойған да жоқ. Олар қыңырланып, тіпті өз ата-бабаларынан бетер көп күнә жасады. Ей, қасарысқандар! Құдайға шын жүректен бағынбай, Оның сөзіне құлақ салмайтын сіздер болып тұрсыздар. Ата-бабаларыңызға ұқсап Киелі Рухқа әлі де қарсы шығып келе жатырсыздар.
Выбор основного перевода