Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қаны ағызылып тасталмаған етті жемеңдер!Сәуегейлікпен және сиқыршылықпен айналыспаңдар! Араларыңдағы ешқайсың ұл-қызын оттан өткізіп (жалған тәңірге құрбандыққа ұсынбасын)! Бал ашып, жауырынға қарап, не құмалақ салып сәуегейлікпен де айналыспаңдар! Сиқырлау, дуалап үшкіру және теріс бата берумен де шұғылданбаңдар! Аруақтарды шақырып, олармен тілдесуші, ақыл-кеңестерін сұраушы да болмаңдар! Араларыңда осылай істейтіндер болмасын! Бұндай істермен айналысатын әркім Жаратқан Иеге жек көрінішті. Осындай қылықтарына бола Құдай Иеміз сол азғын халықтарды алдарыңнан қуып шығады. Ал Ахаб Ілиясқа тіл қатып:— Таптың ба мені, жауым! — деді. Сонда пайғамбар былай деп жауап қайырды:— Сізді таптым, себебі Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеуге толықтай сатылғансыз! Керісінше, ол Солтүстік Исраилдің патшаларының теріс жолымен жүрді. Ахаз тіпті өз ұлын (жалған тәңірге арнап) құрбан етіп өртеп жіберді. Осылайша ол Жаратқан Ие ежелде исраилдіктердің алдынан елден қуып шыққан азғын халықтардың жексұрын дәстүрлеріне еліктеді.
Выбор основного перевода