Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Енді Німшидің немересі, Жосапаттың ұлы Еху Жорам патшаға қарсы астыртын сөз байласты. Жорам бүкіл Солтүстік Исраилдің әскерімен Ғилақадтағы Рамот қаласын Арама патшасы Хазаилден қорғап жатқан болатын. Бірақ шайқаста арамалықтар Жорамды жарақаттап, ол жарасынан емделіп айығуға Ізрел қаласына қайта оралған еді. Еху басқа қолбасшыларға: «Егер менімен шынында ниеттес болсаңдар, ешкімнің осы жерден сытылып шығып, Ізрелге хабар жеткізуіне жол бермеңдер!» — деген нұсқау берді. Содан Еху күймесіне мініп, Жорам тынығып жатқан Ізрел қаласына барды. Яһуда патшасы Охозиях Жорамның көңілін сұрап сонда келіп жатқан болатын. Еху жасақшыларымен Ізрелге жақындап қалғанда, қала мұнарасындағы бақылаушы оларды байқап: «Бір топ жасақшыны көріп тұрмын», — деп хабарлады. Жорам былай деп бұйырды: «Олардың алдынан бір салт аттыны жібер! Ол аманшылық па деп сұрап келсін!» Салт атты Ехудің алдынан шығып:— Патша: «Аманшылық па?» деп сұрап жатыр, — дегенде, Еху оған:— Аманшылық па, жоқ па, ол туралы неден қам жейсің? Одан да менің соңымнан ер! — деп әмір етті.Сонда бақылаушы: «Хабаршы оларға жетті, бірақ қайтпады!» — деп мәлімдеді. Жорам екінші бір хабаршыны жіберді, ол да Еху бастаған топқа келіп:— Патша «Аманшылық па?» деп сұрап жатыр, — дегенде, Еху оған:— Аманшылық па, жоқ па, ол туралы неден қам жейсің? Одан да менің соңымнан ер! — деп әмір етті. Енді бақылаушы:— Хабаршы оларға жетті, бірақ қайтпады! Алдыңғы күйменің жүрісі Німшидің немересі Ехудің күйме жүргізуіндей екен. Ол жынды сияқты зулатып айдайды, — деп мәлімдеді. Сонда Жорам:— Күймемді дайындаңдар! — деп бұйырды. Қызметшілері оның күймесін дайындап болған соң, Солтүстік Исраил патшасы Жорам мен Яһуда патшасы Охозиях әрқайсысы өз күймесіне мініп, Ехудің алдынан шығып, онымен ізрелдік Набутайдың мұралық жер үлесінің маңында ұшырасты. Жорам Ехуді көргенде, одан:— Аманшылық па, Еху? — деп сұрады. Сонда Еху:— Неткен аманшылық болсын?! Өз шешең Езабел әлі де (Жаратқан Иеге) опасыздық жасап жалған тәңірлерге табынып, сиқырлықпен молынан айналысуда емес пе?! — деп жауап қайтарды. Осыны ести салысымен, Жорам кері бұрылып, Охозияхқа: «Охозиях, бұл — сатқындық!» — деп айқайлап, қаша жөнелді. Ал Еху садағын бар күшімен тартып, Жорамның екі жауырынының арасын көздеп, атып жіберді. Жебе ұшып барып, оның жүрегіне дәл тиді де, Жорам күймесінің ішіне құлай кетті. Еху оларға екінші хатын жазып, онда былай деді: «Егер сендер маған бағынатын болсаңдар, онда ертең осы уақытта маған Ізрелге Ахабтың ұлдарының бастарын алып келіңдер!»Ал Ахабтың ұлдары, барлығы жетпіс адам, сол қаланың беделді адамдарының жанында әрі солардың қамқорлығында болатын.
Выбор основного перевода