15
Еху сол жерден сапарын әрі жалғастырып бара жатқанда, алдынан (діни қызметкер) Рехап ұлы Жонадаб шықты. Еху онымен амандасып, оған:— Мен сіздің мақсатыңызды шын жүректен қолдаймын. Сіз де мені шын жүректен қолдайсыз ба? — деген сұрақ қойды. Жонадаб оған:— Иә, қолдаймын, — деп жауап бергенде, Еху:— Шынымен солай болса, онда маған қолыңызды беріңіз! — деді. Жонадаб оған қолын ұсынғанда, Еху оны өзінің күймесіне мінгізіп алды да,