Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Оның әйелдері көп болғандықтан, өзінен тараған жетпіс ұлы бар еді. Кейін Омри Шемер деген біреуден Самариядағы қыратты екі ат басындай күміске сатып алды. Патша қыратты айналдыра қамал салып, ішіне жаңа қала тұрғызды. Ол қаланы қыраттың бұрынғы иесі Шемердің есімімен Шомрун яки Самария деп атады. Алайда Омри Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеп, өзінен бұрын болған барлық патшалардан бетер күнәға батты. Омри Набат ұлы Еробоғамның теріс жолымен толығымен жүріп, Исраил халқын да түкке тұрғысыз тәңірсымақтарға табынып, күнә жасауға еліктірді. Осындай опасыздық жасауларымен халық Исраилдің Құдайы Жаратқан Иенің қаһарын туғызды. Омридың қалған іс-әрекеттері және көрсеткен қажыр-қайраты жайлы «Исраил патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған. Ақыры Омри көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелгенде, мәйіті Самариядағы қабірге қойылды. Оның ұлы Ахаб әкесінің орнын басып патша болды. Асаның Яһудаға патшалық құрған отыз сегізінші жылы Омри ұлы Ахаб Солтүстік Исраилдің патшасы болды. Ол Самария қаласында жиырма екі жыл бойы билік құрды. Езабел Ахабтың атынан бірнеше хат жаздырды да, оларды патшаның мөрімен бекіттіріп, Набутайдың тұрып жатқан қаласының ақсақалдары мен басқа да жетекшілеріне жібертті.
Выбор основного перевода