Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Һарон сырғаларды қолдарынан қабыл алып, балқытып, құралмен қағып, жас бұқа мүсінін жасады. Сонда халық:— Әй, Исраил, сені Мысыр елінен бастап алып шыққан тәңірің — осы! — десті. Мұны көрген Һарон мүсіннің қарсы алдынан құрбандық ұсынатын орын тұрғызып, қатты дауыстап:— Ертең Жаратқан Иеге арналған мейрам болады! — деп жариялады. Олар келесі күні ерте тұрып, құрбандық шалып, өртеп жіберді. Содан соң басқа да мал алып келіп, ризашылық құрбандығы ретінде шалды. Халық жайғасып отырып, құрбандықтан ішіп-жеді; біраздан кейін олар азғын ойындар ойнау үшін орындарынан тұрды. Құдайға арнап ораза ұстайтын уақытты белгілеңдер! Салтанатты жиналыс жариялап, елдің ақсақалдары мен басқа да тұрғындарын Құдайларың Жаратқан Иенің киелі үйіне жинап алыңдар! Иемізді көмектесуге жалбарына шақырыңдар!
Выбор основного перевода