Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Еху көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелгенде, мәйіті Самариядағы қабірге қойылды. Оның ұлы Жоғахаз орнын басып патша болды. Яһуда еліне Охозияхтың ұлы Жоғас патшалық құрған жиырма үшінші жылы Еху ұлы Жоғахаз Самарияда Солтүстік Исраилдің патшасы болды. Ол он жеті жыл бойы билік жүргізді. Яһуда еліне (Охозиях ұлы) Жоғас патшалық құрған отыз жетінші жылы Жоғахаз ұлы Жоғас Самария қаласында Солтүстік Исраилдің патшасы болды. Ол он алты жыл бойы билік жүргізді. Яһуда еліне Жоғас ұлы Амасиях патшалық құрған он бесінші жылы Жоғас ұлы Еробоғам Самария қаласында Солтүстік Исраилдің патшасы болды. Ол қырық бір жыл бойы билік жүргізді. Яһуда еліне Ұзиях патшалық құрған отыз сегізінші жылы Еробоғам ұлы Зәкәриях Самария қаласында Солтүстік Исраилдің үстінен патша болды. Ол алты ай билік жүргізді. Сонымен Жаратқан Иенің Ехуге айтқан мына сөзі жүзеге асқан еді: «Өзіңнен кейінгі төрт ұрпағың (Солтүстік) Исраилде патшалық құратын болады!»
Выбор основного перевода