Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
3. Царств
Параллельные места
Осылай Яһуда патшасы Жосапат мол байлық пен зор атақ-даңқты иемденді. Алайда ол (соған қанағаттанбай, Солтүстік Исраилдің зұлым патшасы) Ахабпен одақтасып, құдандалы болды. Сонда Ханани ұлы Еху атты пайғамбар оның алдынан шығып, былай деді: «Зұлым адамды қолдап, Жаратқан Иені жек көретіндерді жақсы көргеніңіз дұрыс па?! Осыны істегеніңіз арқылы өзіңізге қарсы Жаратқан Иенің қаһарын туғыздыңыз. Кейінірек Яһуда патшасы Жосапат Солтүстік Исраилдің көп зұлымдық жасаған патшасы Охозияхпен одақтасты. Жосапат онымен келісіп, алысқа жүзіп бара алатын үлкен сауда кемелерін жасатты. Мұны (Қызыл теңіздің бір шығанағында орналасқан) кеме тоқтайтын Есион-Гәбер қаласында істетті.
3. Царств
Выбор основного перевода