Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
3. Царств
Параллельные места
Алайда Құдай Әбумәлік пен Сихем азаматтарының арасына араздық туғызатын жын жіберіп, Сихемнің адамдары Әбумәлікке қарсы опасыздық жасады. Ал Жаратқан Иенің Рухы Саулды тастап кеткен еді. Содан бастап Тәңір Ие жіберген бір қинайтын рух Саулдың үрейін ұшырып қорқытатын болды. Келесі күні Құдай жіберген қинайтын рух Саулға қайтадан бас салып, ол сарайында ерекше көңіл күйіне түсіп мазасызданды. Дәуіт оны тыныштандыру үшін бұрынғыша күй тартып отырды. Саулдың қолында сүңгісі бар болатын. Кейін Саул сарайында отырғанда Жаратқан Ие жол берген қинайтын рух оған тағы да қонып, Дәуіт домбырасын тартты. Саулдың қолында сүңгісі бар еді. Егер бір пайғамбар оларға бәрібір пайғамбарлық сөз айтуға көндірілсе, онда бұл Менің оны еліктіргенімнен болады. Мен ондай пайғамбарға қарсы қолымды созып, оны халқым Исраилдің арасынан жоямын. Сондықтан да Құдай оларды өтірікке иланып, түзу жолдан оп-оңай адасатын қылып қояды.
3. Царств
Выбор основного перевода